Өткен аптаның жаңалықтары

Жеңіл атлетика федерациясы

Ұлттық құраманың екі спортшысы 2022 жылғы әлем чемпионатының нормативін орындады. Ольга Сафронова Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін халықаралық турнирде 7.26 секундта 60 метрді жүгіріп өтті. Бұл оған әлем біріншілігінде өнер көрсету құқығын берді. Ал Михаил Литвин жарысқа 46.46 секунд нәтижесімен 400 метр қашықтықта мәреге жетті.

Естеріңізге сала кетейік, Әлем чемпионаты 18-20 наурыз аралығында Белградта өтеді.

Үстел теннисі федерациясы

Францияның Мец қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender жасөспірімдер турнирі аяқталды.

Жарыс қорытындысы бойынша Аслан Курмангалиев 15 жасқа дейінгі жас санатында алтын медальға ие болды.

Алан жеңді:

  • Антон Дерлюк (Украина) 3:0
  • Рарес Куэсдина (Румыния) 3:1
  • Рафаэль Кабрера (Доминикан Республикасы) 3:0
  • Ли Чонмок (Корея) 3:1
  • Рафаль Формела (Польша) 3:1
  • Натан Лам (Франция) 3:0
  • Флавиен Коттон (Франция) 3:1

Таеквондо федерациясы

20-22 ақпан аралығында Албанияда  «WT Президентінің Кубогы - Еуропалық аймақ» халықаралық турнирі өтуде. Қазақстандық спортшы Смайыл Дүйсебай 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болды.

Дзюдо федерациясы

Дзюдодан Қазақстан командасы Тель-Авивте өткен Grand Slam сериясындағы халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті. Бауыржан Нарбаев 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс алса, Магжан Шамшадин тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.

73 келіге дейінгі салмақта Жансай Смагулов үшінші орын алды.

Суретте: федерациялардың әлеуметтік желілері, olympic.kz

 

title