Демалыс күндері жаңалықтары

Футбол

«Астана» футбол орталығының 2013 жылғы шәкірттері Болгарияда өткен халықаралық футбол турнирінің чемпионы атанды.

Ал «Астана-2012» командасы басқа жас санатында турнирдің күміс жүлдегері атанды.

 

Джиу джитсу

Астана қаласында Джиу-джитсудан Жастар мен Жасөспірім Ұл-Қыздар арасында Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті!

Әлемнің 45 мемлекетінен 1300-ге тарта спортшы жиналған бәсекеде Қазақстан құрамасы 13 алтын, 19 күміс және 37 қола медальмен жалпыкомандалық үшінші орынға ие болды.


Парапауэрлифтинг

Отандық спортшы спортшы, Токио-2020 Паралимпиада ойындарының чемпионы Давид Дегтярев Дубайда өтіп жатқан пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.

Ол 54 келіге дейінгі салмақта 180 келіні бағындырып, алтын жүлдені жеңіп алды.

 

Оқ ату 

Зухра Ирназарова Әзербайжан астанасында өтіп жатқан нысана көздеуден 53-ші әлем чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды.

Күміс жүлдені тағы бір отандасымыз Садуакасова Александра иеленді.

 

Үстел теннисі 

Алан Құрманғалиев Амманда өткен үстел теннисінен «WTT Youth Contender Amman 2023» турнирінде алтын жүлде иеленді. Алан барлық қарсыластарын 3:0 есебімен жеңіп, өз жас санатында (17жасқа дейін) үздік атанды.