Боччадан Қазақстан Республикасы чемпионатының ашылу салтанаты өтті
1 маусым күні Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында, боччадан Қазақстан Республикасы чемпионатының және «Children Paralympic Games» инклюзивті спорт фестивалінің ресми ашылу салтанаты өтті.
4 күн, яғни 1 - 4 маусым аралығында, жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 400-ден астам мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектер қатысады.
Бочча — паралимпиадалық спорт түрі, тірек-қимыл аппараты зақымданған адамдар қатыса алатын дәлдік пен ептілікке арналған доп ойыны.
«Children Paralympic Games» – балалардың цереберальды параличі, аутизм, Даун синдромы сияқты диагнозы бар балалар мен жасөспірімдер, көру, есту қабілеті нашар, сондай-ақ дені сау балалар арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында жыл сайын өткізілетін инклюзивті спорт фестивалі.