Ербол Хамитов Паралимпиада жеңімпазы!

Бүгін Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындарында Ербол Хамитов пара биатлоннан 4,5 км із қуу дисциплинасын 9 минут 39 секунд уақыт көрсеткішімен бағындырып, жарыстың жеңімпазы атанды. Осы дистанцияда екінші орынды украиндық Тарас Рад (10:00.5), ал қытайлық Лю Мэнтао (10:11.5) үшінші орынды алды.

Бұған дейін қазақстандық Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 1500 м қашықтықтағы классикалық спринте қола медаль еншілеп, Милан-Кортина Паралимпиада ойындарының алғашқы жүлдесін жеңіп алған еді.

Осы бағдарламаның финалдық кезеңінде өнер көрсеткен Юрий Березин жиырма үшінші, ал Сергей Усольцев жиырма үшінші орынға табан тіреді.