«Барыс» қатарынан үшінші жеңісіне жетті
Астаналық Барыс сырт алаңдағы ойындар сериясын Владивостокта жалғастырып, «Адмирал» командасын 2:1 есебімен жеңді.
Матчтың алғашқы кезеңінде қос команда да есеп аша алмады. Екінші жиырма минуттықта Джейк Масси қарсыластың бірнеше ойыншысын алдап өтіп, нәтижелі пас беріп, Макс Уиллман «Барысты» алға шығарды.
Үшінші кезеңде Никита Тертышный есепті теңестіргенімен, ойын соңына қарай «4-ке 4» форматында Тайс Томпсон жеңіс шайбасын соқты. Қақпашы Никита Бояркин 31 сейв жасап, командасының жеңісіне үлкен үлес қосты.
Ойын Владивостоктағы Фетисов Арена мұз сарайында өтіп, 2 915 көрермен тамашалады.

