Қазақстан спортының басты жаңалықтары
Жеңіл атлетика федерациясы
Жанна Мамаджанова Роттердам марафонында топ-3 құрамына кіріп, Қазақстанның 34 жылдық рекордын жаңартты. Отандық спортшы марафонды 2.26.54 нәтижесімен аяқтап, 1987 жылы 15 қарашада орнатылған Зоя Ивановаға тиесілі елдің алдыңғы рекордынан асып түсті. Бұл жетістік Жаннаға 15-24 шілде аралығында өтетін Орегондағы әлем чемпионатына жол ашты.
Теннис Федерациясы
Александр Бублик ATP Masters 1000 - Monte-Carlo Rolex Masters сериясы турнирінде жеңіске жетті. Қазақстандық теннисші 37 жастағы Швейцариядан келген әлемнің экс-үшінші ракеткасы Стэн Вавринканы жеңді. Кездесу 3:6, 7:5, 6:2 есебімен отандасымыздың пайдасына аяқталды. Александрдың келесі қарсыласы испаниялық Пабло Карреньо-Буста мен аргентиналық Себастьян Баес арасындағы матчтың жеңімпазы болады.
Дзюдо Федерациясы
Дзюдодан Қазақстан әйелдер жастар құрамасы Азия Кубогында үш қола медаль жеңіп алды. Қазақстандық жас дзюдошылар Ташкенттегі құрлықтық турнирде үздік өнер көрсетті. Жүлделі орындарға Ұлдана Усейн (57 кг), Самалай Ерғалиева (63 кг) және Қымбат Сейтмаханбет (+78 кг) ие болды.
Үстел теннисі Федерациясы
Павлодарлық Jenimpaz үстел теннисі орталығында үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты аяқталды. 5-10 сәуір аралығында спортшылар жеке, жұптық және аралас разрядтарда бақ сынасты. Турнирдің соңғы күні медаль иегерлері анықталды. Сонымен, ерлер арасында Кирилл Герасименко үздік атанса, ал әйелдер арасында бірінші орынды Зауреш Акашева иеленді. Жұптық разрядтарда Алан Құрманғалиев – Эрик Райтер және Зәуреш Акашева – Сарвиноз Миркадирова алтын медальға ие болды. Эрик Райдер мен Анастасия Лаврова аралас ойында көрсеткен сәтті ойындарының арқасында құрмет тұғырына көтерілді.