Арайлым Әбенова cамбодан Әлем Чемпионы атанды

Арайлым Әбенова cамбодан Әлем Чемпионы атанды

Армения астанасы Ереванда өтіп жатқан самбодан әлем чемпионатының шешуші күнінде аса ауыр салмақта әйелдер арасында бақ сынаған Арайлым Әбенова финалда Ресей спортшысы Жанара Кусанованы 6:0 есебімен айқын жеңді.

Осылайша ол қазақ қыздарының арасында тұңғыш рет аса ауыр салмақта жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп отыр.

Арайлым Әбенова жарыс жолында кімдерді ұтты:

Филиппины: 1/4 финал. Сидней Си
Румыния: 1/2 финал. Бланка Продан
Россия: Финал. Жанара Кусанова

1992 жылдан бері қатысып келе жатқан жерлестеріміз үшін бұл әлем чемпионатындағы 27-ші алтын жүлде.

title