Отырып ойнау волейболынан Қазақстан Республикасы чемпионатының 2-ші туры өтті
Осы күндері Нұр-Сұлтан қаласында 1-5 қыркүйек аралығында отырып ойнау волейболынан Қазақстан Республикасы чемпионатының 2-ші туры өтті. Жарысқа Нұр-Сұлтан қаласынан және Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстарынан 6 команда қатысты.
Бүгінде үздік үштікке Атырау, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының командалары енді. Бұл жарыстар іріктеу болып табылады, өйткені 3 кезеңнің қорытындысы бойынша үздік спортшылар отырып ойнау волейболының Қазақстан ұлттық құрамасының сапына еніп, ағымдағы жылдың қараша айында Сараево қаласында (Босния және Герцеговина) өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.