Алексей Луценко италиялық Джиро д’Абруццо жарысының корольдік кезеңінде жеңіске жетті

Қазақстан чемпионы Алексей Луценко италиялық Джиро д’Абруццо жарысының корольдік кезеңінде жеңіске жетті.

Жарыстың үшінші кезеңі Пратола Пелиньяда басталып, Прати-ди Тивода 163 шақырымнан кейін аяқталды. Алексей соңғы нәтижеде қарсылас команданың екі шабандозын басып озып, жоғары көрсеткішке ие болды. Финалда Алексей мәре сызығын екі секундтық артықшылықпен бірінші болып кесті.