Биатлоннан жасөспірімдер мен жастар арасында Әлем чемпионатының ашылу салтанаты
Күні кеше Щучинск қаласында биатлоннан жасөспірімдер мен жастар арасында әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты шараға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Спортты дамыту дирекциясының директоры Оралбай Жақсымбетов пен Халықаралық биатлоншылар одағының президенті Олле Далин қатысты.
4-15 наурыз аралығында өтетін жарысқа әлемнің 41 елінен 500-ге жуық спортшы қатысады. Қазақстан атынан 20 спортшы қатысады.
Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!