Астанада спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде кеңес өтті

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Туризм және спорт министрлігінің, оның ішінде оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Оның қорытындысы бойынша агенттік төрағасы Асхат Жұмағалидің басшылығымен спортты қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері бойынша кеңес өтті.

Жиналысқа Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин, қаржы және цифрландыру вице-министрлері, «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы, сондай-ақ Sport Qory бас директоры Асхат Сейсембек, қоғам қайраткерлері, орталық және өңірлік мемлекеттік органдар өкілдері қатысты. 

Аудит нәтижелері бойынша спортты дамытуға бөлінетін қаражаттың мақсатсыз жұмсалуына әкеп соқтыратын Елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен факторлар анықталды. Сондай-ақ, құқық бұзушылықтар жалпы цифрландырудың болмауына байланысты орын алатыны атап өтілді. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет отырысының қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, оның ішінде ашықтықты арттыру және спорттық процестерді цифрландыру бойынша ұсынымдар қабылданды. Туризм және спорт министрлігі ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар кешенін қабылдады. 

Спортты қолдау қоры өз кезегінде айтылған ұсынымдарды ұстанатын болады және өз құзыреті шеңберінде қызметтің ашықтығы мен тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.

title