SportQory мүмкіндігі шектеулі спортшыларды қолдады

Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығы – 21 сурдлимпиадалық (есту мүшелері бұзылған), 15 паралимпиядалық және 8 паралимпиядалық емес (тірек-қимыл аппараты зақымданған және есту мүшелері бұзылған), яғни мүмкіндігі шектеулі жандарға 44 спорт түр бойынша қызмет атқарады.

Жылдық күнтізбелік жоспарға сәйкес, аталмыш орталық 2022 жылы Қазақстан аумағында 1 халықаралық жарысқа, шет елдерде өтетін 88 жарысқа, сондай-ақ елімізді 30, шет мемлекетте 2 оқу-жаттығу жиынын өткізуді жоспарлап отыр.

Осы орайда, Sport Qory орталықтағы әкімшілік басқарма, команда жетекшілері мен мемлекеттік бапкерлердің, кеңсе қызметкерлерінің халықаралық дәрежедегі спортшылар мен резервті дайындау жолындағы жұмысын жеңілдету, оңтайландыру, үздіксіз қызмет жүйесін қалыптастыру мақсатында орталықты қажетті техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге демеушілік қолдау көрсетті.