SportQory ұлттық Сурдлимпиада Федерациясына қолдау көрсетті

Инклюзивті спорт – спортты қолдау қорын қаржыландырудың басым бағыттарының бірі. Жыл сайын SportQory Паралимпиадалық және сурдлимпиадалық ұйымдарға қолдау көрсетеді.

Осы аптада Ұлттық Сурдлимпиада Федерациясына «Кашиас-ду-Сул қаласында (Бразилия) өтетін XXIV Сурдлимпиада ойындарында Сурдлимпиада түрлері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасын (Қазақстан Республикасы Спорт делегациясының штаб мүшесін) сүйемелдеу» жобасы бойынша Қор тарапынан қаржылық-демеушілік қолдау көрсетілді.

Бірінші мамырдан 15 мамырға дейін Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындары өтеді. Қазақстан Республикасының құрамасы атынан спорттың 8 түрінен 62 спортшы қатысады: жеңіл атлетика, үстел теннисі, каратэ, таэквандо, жүзу, бадминтон, еркін және грек-рим күресі, дзюдо. Атлеттердің табысты өнер көрсетуі, жүлделі орындарға ие болуы және Қазақстанның халықаралық спорт аренасындағы беделін ілгерілету үшін Қор басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындар бөлігінде қолдау көрсетті.