«Спортты дамыту дирекциясы» SportQory қолдауына ие болды

2022 жылдың сәуір айынан бастап штаттық ұлттық құрама командаларын даярлауды жүзеге асыру Ұлттық Олимпиада комитетінен «Спортты дамыту дирекциясының» қарамағына өтті.

Спорт саласы үшін, әсіресе спортшылар үшін өте маңызды өтпелі кезеңде SportQory аталмыш ұйымға әкімшілік басқарма, команда жетекшілері мен мемлекеттік бапкерлердің, кеңсе қызметкерлерінің халықаралық дәрежедегі спортшылар мен резервті дайындау жолындағы жұмысын жеңілдету, оңтайландыру, үздіксіз қызмет жүйесін қалыптастыру мақсатында орталықты қажетті техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге демеушілік қолдау көрсетті.

«Спортты дамыту дирекциясы» - 2022 жылы ел аумағында 500-ден республикалық деңгейдегі, 30 астам халықаралық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.