Олег Яковлев Берлинде WTT Youth Contender «қоласына» қол жеткізді

Қазақстандық спортшылар Берлинде (Германия) WTT Youth Contender үстел теннисінен халықаралық турнирінде бақ сынауда. Отандасымыз Олег Яковлев аталмыш турнирде үшінші орынға ие болды.

Ол Кевин Чуды (Австрия), Дэвид Дробовты (Украина) жеңіп, Александр Попқа (Румыния) есе жіберіп, жартылай финалға жолдама алып, үшінші орынға ие болды.

Берлиндегі жарыста тағы бір отандасымыз Алан Құрманғалиев (19 жас санаты) Сантино Пасторе Акоста (Парагвай), Доминикас Самуолис (Дания) кіші тобындағы қарсыластарынан басым түсіп, жарыстың негізгі торына жолдама алды.