Александр Бублик ATP турнирін төртінші рет жеңді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Францияның Монпелье қаласында өткен ATP 250 сериясы турнирінде жеңіске жетті.

Финалда қазақстандық спортшы АТР рейтингінде 27-орында тұрған хорватиялық Борна Чоричті 5:7, 6:2, 6:3 есебімен жеңді. Матч 2 сағат 18 минутқа созылды.

Бұл 26 жастағы Бубликтің Монпельедегі екінші жеңісі, 2022 жылы қазақстандық дәл осы қалада ATP турнирінде өзінің алғашқы титулын жеңіп алған болатын. Александрдың қоржынында барлығы төрт ATP титулы бар.

Бублик осы жеңісінің арқасында ATP әлемдік рейтингінде 23-орынға көтерілді.