Демалыс күнгі спорттық жетістіктер

Көркем жүзу

Қытайда көркем жүзуден Әлем кубогының суперфиналы аяқталды. Бірінші кезең Францияда, екіншісі Египетте, үшіншісі Канадада өтті. Суперфинал Қытайдың Сиань қаласында өтті. Үздік атақ үшін 16 елден 125 жүзуші күресті. Жарысқа 14 қазақстандық спортшы қатысты. Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша қазақстандық әйелдер дуэті (Ясмин Туякова, Арина Пушкина, Даяна Джаманчалова) әлемдік рейтингте екінші орынға ие болды. «Микст-дуэт» пәнінде Артур Майданов пен Валерия Столбунова қола медаль жеңіп алды. «Топ» пәнінде (техникалық, ерікті және акробатикалық бағдарламалардың жиынтық нәтижесі) Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте үшінші орынға ие болды.

Су полосы

Қазақстан жастар құрамасы U20 ерлер арасындағы су полосынан әлем чемпионатында бірінші кездесуде жеңіске жетіп, Жаңа Зеландия құрамасын жеңді. Матч қазақстандықтардың пайдасына 12-11 есебімен аяқталды. Иранның командасына қарсы келесі ойын бүгін өтеді.

Дзюдо

Дзюдодан Будапештте өтіп жатқан жаһандық доданың бірінші күнінде Қазақстан қоржынына күміс жүлде түсті. 48 келідегі Әбиба Әбужақынова шешуші сында былтырғы финалист Ассунта Скуттомен (Италия) жолығып, есе жіберді. Әбиба Әбужақынова - дзюдодан әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы қазақ қызы

Пара волейбол

Волейболдан Қазақстан құрамасы тарихта тұңғыш рет Азия чемпионы атанды. Қазақстан құрамасы Қытай командасын 3:2 ұпай санымен жеңді. Азия чемпионаты 6-15 маусым аралығында өтіп, оған 8 ерлер және 7 әйелдер командасы қатысты. Осы нәтижеге сәйкес, Қазақстан құрамасы 2026 жылы Қытайда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Футзальный клуб «Кайрат»

«Кайрат» футзал клубы футзалдан Қазақстан чемпионатының финалына шықты. 13 және 14 маусымда клуб «Атырауды» 3:1 есебімен жеңді.

title