Надежда Дубовицкая Рабаттағы «Гауһар лигасы» кезеңінде үшінші орынға ие болды

Қазақстандық биіктікке секіруші Надежда Дубовицкая Рабаттағы (Марокко) «Гауһар лигасы» кезеңінде үшінші орын алды.

Жеңісті украиналық жеңіл атлет Ярослава Магучих  жеңіп алды (2,01м). Тұғырдың екінші сатысына тағы бір украиналық Ирина Геращенко (1,91м) көтерілсе, сербиялық Ангелина Топич отандасымыз Надежда Дубовицкаямен бірдей нәтиже көрсетіп (1,87м), үшінші орынды иеленді.

Айта кетейік, Қазақстан үшін бұл нәтиже биылғы маусымда үздік болды.