Азия чемпионатында Кристина Овчинникова алтыннан алқа тақты
Бангкок қаласында (Таиланд) өтіп жатқан жеңіл атлетикадан XXV Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті.
Биіктікке секірушілер арасында отандасымыз Кристина Овчинникова алтын медаль иеленсе, Елизавета Матвеева күмісті қанағат тұтты. Екі спортшы да 186 см нәтиже көрсетті.
Кеше тағы бір спортшымыз ерлер арасында 10 000 метрге жүгіруде Шадрак Кимутай Коеч 29:31,63 уақыт көрсетіп, екінші орынға табан тіреген болатын.
Айта кетейік, 16 шілдеге дейін жалғасатын Азия чемпионатында ел намысын 31 спортшы қорғап жатыр.