Turan Barysy Азия Кубогында Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды

Sport Qory қолдауымен Түркістан қаласында алғаш рет қазақтың ұлттық күресінен өткен Turan Barysy Азия Кубогында Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды.

Жарысқа түркі мемлекеттері ұйымының алты елі – Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан балуандары қатысты.

Азия Кубогының финалына Қазақстан мен Өзбекстан командасы шықты. Қазақстандық балуандар өзбек спортшыларын 4:3 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды. Ақтық сында 90 келіден жоғары салмақта қазақстандық Ғалымжан Қырықбай өзбекстандық Мухсин Хисомуддиновты белдесуде жеңіп, Қазақстан құрамасына жеңіс әкелді. Қырғызстан турнирдің 3-орын иегерлері атанды. Жеңімпаз командаларға жүлдеқоры тағайындалып, кубок ретінде Түркістан символы тайқазан берілді.

title