Ерасыл Сәулебеков әлем чемпионатында топ жарды
Мексиканың Леон қаласында жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында отандасымыз Ерасыл Сәулебеков 67 келіге дейінгі салмақта топ жарып, алтыннан алқа тақты. Жас спортшы қос сайыс қорытындысы бойынша 281 келіні ырқына бағындырды.
Отандасымыз жұлқа көтеруде 123 келіні еңсерсе, серпе көтеруде 158 келі бағындырып, екі бағдарлама қорытындысы бойынша әлем үздігі атанды. Күміс жүлде түркиялық Аладдин Саинға бұйырса (278 кг), қолаға польяк Бартош Бурски қанағат етті(269 кг). Айта кетейік, бұл салмақта 10 ауыр атлет жүлдеге таласты.