Венгрияда дзюдодан 2025 жылғы Әлем чемпионаты басталды

Венгрия астанасы Будапештте дзюдодан 2025 жылғы Әлем чемпионаты басталды. Биылғы әлем чемпионатында 92 елден 566 дзюдошы 14 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды. Сондай-ақ, әр салмақта 40-қа жуық спортшы өзара жүлде үшін бәсекелесетін болады.

Аталмыш додада ел намысын ерлер арасында Мағжан Шамшадин (60 келі), Шерзoд Давлатов (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Есет Қуанов (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Мейірлан Максим (90 келіге дейін), Нұрлыхан Шархан (100 келі), Марат Байқамұров (100 келі) және 100 келіден жоғары салмақта Ерасыл Қажыбаев қорғайды.

Ал әйелдер арасында 48 келі салмақта Әбиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева, 63 келіде Эсмигүл Куюлова жүлдеге таласады.

Жекелей сайыстар 13 маусымда басталып, 19 маусымға дейін жалғасады. Ал командалық сайыс 20 маусымда өтеді.

Әлем чемпионатының алғашқы жарыс күнінде 4 отандасымыз ел намысын қорғайды. Ғалия Тыныбаева мен Мағжан Шамшадин турнирді 1/32 кезеңінен бастаса, Әбиба Әбужақынова мен Шерзод Давлатов 1/16 кезеңінде жарыс жолына шығады.

Жарыстың тікелей көрсетілімін QAZSPORT телеарнасынан және сайтынан тікелей эфирден тамашалай аласыздар.

 

title