Қазақстандық мерген рейтингтік Әлем Кубогының қола жүлдегері!
Дәл осы күндері Үндістанда оқ атудан рейтингтік Әлем Кубогы жалғасуда.
10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкадан оқ атудан отандасымыз Александра Ле 261.2 ұпаймен қола жүлдеге ие болды. Турнирдің алтыны қытайлық спортшыға (265.7) бұйырды. Күміс АҚШ спортшысының еншісінде.
Айта кетейік, жарыста әлемнің 31 елінен 208 мерген өз бақтарын сынауда. 27 наурызға дейін жалғасатын әлемдік бәсекеде Қазақстан намысын 18 спортшы қорғауда.