Қамқоршылық кеңесінің жаңа төрағасы тағайындалды
Бүгін «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтіп, жаңа төраға сайланды. Бұл орынға ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Әскербекұлы Абаев тағайындалды. Отырыс барысында күн тәртібіндегі қайырымдылық көмек алуға арналған спорттық жобалардың өтініштері талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.