Каратэден жастар арасындағы 21-ші Азия чемпионатының қорытындылары

6 қарашада Sport Qory қолдауымен Алматыда басталған каратэден жастар арасындағы 21-ші Азия чемпионаты (WKF) өз мәресіне жетті.

Үш жарыс күнінің қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есеп келесідей: Жапония құрамасы 23 медальмен (14 алтын) бірінші орынды иеленсе, Қазақстан құрамасы — 24 медальмен (8 алтын) екінші орында, үздік үштікті 27 жүлдемен (5 алтын) Иран Ислам Республикасы түйіндеді.

Бүгін ересектер арасында каратэден ашық Азия чемпионаты басталды, ол 10 қарашаға дейін жалғасады.