«Жеңімпаз рухы» сыйлығының жеңімпаздары

25 желтоқсан күні Астанада 2023 жылдың қорытындысы бойынша спорт саласындағы үздік мамандарды, спорттық ұйымдар мен спортшыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

«Жеңімпаз рухы» сыйлығының жеңімпаздары:

«Жылдың үздік спортшысы»

Махмұд Сабырхан, бокстан 2023 жылы Тәшкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпазы, Амман қаласында өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Хамитов Ербол, пара шаңғы жарысы бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Эстерсундта өткен Әлем чемпионатында қола және алтын медаль иегері, Солджер Холлоу (АҚШ) Әлем кубогы кезеңінде 3 орын.

«Спорттағы үздік серпін»

Айтмұхан Ризабек, күрес түрлерінен Белград қаласында өткен Әлем чемпионатында еркін күрестен түңғыш қазак Әлем чемпионы, Бішкекте өткен Азия чемпионатының жеңімпазы.

 «Үздік спорттық өңір» - Алматы қаласы.

«Жылдың үздік спорт федерациясы» - Қазақстандық спорттық ату федерациясы. 

«Жылдың үздік спорт менеджері» - Бәрменқұлов Әділет, ҚР футбол федерациясының президенті.

«Жылдың үздің жаттықтырушысы» - Шабалин Сергей, семсерлесу.

«Жылдың үздік нәтижелері»

Мөлдір Жаңбырбай, каратэден Әлем чемпионы, Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында 2 орын иегері, Мелака қаласында өткен Азия чемпонатының күміс жүлдегері.

Милад Карими, спорттық гимнастикадан Әлем кубогінің Баку қаласында өткен іріктеу кезеңінде еркін жаттығудан 1 орын, Қытайдағы Ченду қаласында өткен Бүкіләлемдік универсиадада тірекпен жаттығу бойынша алтын медаль иегері.

Руслан Курбанов, семсерлесуден Әлем кубогында командалық есепте 1 орын, Милан қаласында өткен Әлем чемпонатында жеке есепте 3 орын алған спортшы.

«Жас және жасөсіпірімдер құрамындағы спортшы» - Исхар Курбаев, грек рим куреснен жастар арасндығы әлем чемпионы

«Үздік спорт дәрігері» - Берік Қынырбек, Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығының медициналық-биологиялық бөлімінің меңгерушісі, спорт дәрігері, хирург.

«Жылдың үздік спорт ұйымы» -  Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған Үміт спорт клубы.

«Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман» - Сухачева Наталья, К. Оспанов атындағы №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі басшысының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары. Жұмыс өтілі 15 жыл.

«Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы» - Волкова Виктория, Қажымұқан атындағы №3 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі. Жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы. Жұмыс өтілі 15 жыл.

 «Аудандық үздік дене шынықтыру және спорт бөлімі» - Бұқар жырау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі. Қараганды облысы

 «Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы» - Рахманқұл Нүркен, Жамбыл облысы, Жуалы ауданында бокстан жаттықтырушы.

 «Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорт әдіскері» - Беккулов Кенжеғали, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Бейнеу аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде» спорт әдіскері. Жалпы жұмыс өтілі 25 жыл.

 «Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорт нұсқаушысы» - Қазезов Рауан, Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Көктерек ауылында спорт нұсқаушы.

 «Жылдың үздік журналисттері»

Қанағатов Самат – «Атамекен бизнес» телеарнасы,

Бусурманов Жандос – «Спорт жұлдыздары» журналынын бас редакторынын орынбасары,

Каиров Ербол – «Метарайтинг» спорт акпараттық агенттігінің шеф редакторы.

Осы жылы елімізде өткен Республикалық VI Спартакиада қорытындысы бойынша үздік үштікке кірген өңірлер:

III орын Қарағанды облысы,

II орын Шымкент қаласы,

I орын Алматы қаласы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

title