Дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионатының қорытындылары

Астанада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионатының жекелей жарыстары өз мәресіне жетті. Еліміздің 17 облысы мен Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан 463 спортшы өзара мықтыны анықтады. Жекелей сайыс нәтижесі бойынша жалпыкомандалық медаль кестесінде Жетісу облысының командасы (3 алтын, 2 күміс) топ жарып, Ақтөбе облысы (3 алтын) екінші, ал Маңғыстау (2 алтын) облысы үшінші орындарға жайғасты.

 

Бүгін Қазақстан чемпионатының аралас-командалық жарыстары өтеді.  Командалық чемпионатқа барлығы 17 команда қатысады деп жоспарланған.