XDS Astana Team шабандозы Хенок Мулюбырхан «Цинхай көлі турында» жеңіске жетті

XDS Astana Team шабандозы Хенок Мулюбырхан «Цинхай көлі туры» көпкүндік жарысының жалпы есебінде жеңіске жетті.

Қытайда өткен және бүгін мәресіне жеткен «Цинхай көлі туры» жарысында XDS Astana Team командасы сәтті өнер көрсетті. Финалдық кезеңде Аарон Гейт үшінші орынға ие болса, жалпы есепте Хенок Мулюбырхан жеңімпаз атанып, Харольд Мартин Лопес үздік үштікті түйіндеді. Сонымен қатар, Хенок Мулюбырхан ұпайлық классификацияда да бірінші орынды иеленді.

Жарыстың соңғы кезеңі Сихайчжэнде өтіп, 121,3 км қашықтықтан кейін жаппай спринтпен аяқталды. Бұл кезеңде Аарон Гейт үшінші орынға ие болды. Ал XDS Astana Development Team командасының шабандозы Сантьяго Умба жарыстың соңғы күнінде шабуыл жасап, екі аралық спринтте жеңіске жетіп, Хеноктың жалпы есептегі басымдығын күшейтуге көмектескен құнды бонус секундтарды иеленді.

Фото: @7Cycling

title