«Қайрат» футзал клубы «Атыраудан» басым түсті
Футзалдан Қазақстан чемпионатының жартылай финалдық сериясының ойындары өтті. «Қайрат» футзал клубы өз алаңында «Атырау» командасына қарсы ойнап, алғашқы кездесуде 1:3 есебімен жол берді.
Дегенмен, бірінші кездесудегі қателіктен сабақ шығарған алматылық ұжым, екінші ойында мұнайшыларды 6:0 есебімен тас талқан етіп, сериядағы есепті 1:1-ге теңестірді.
Енді келесі екі матч 13 және 14 маусымда Атырауда өтеді деп жоспарланған. Қажет болған жағдайда шешуші бесінші ойынды командалар Алматыда ойнайды. Еске сала кетейік, жартылай финалдық серия 3 жеңіске дейін ойналады.