Джордан Скиппер-Браун - 2024 Жұлдыздар ойынында КИНОПОИСК SLAM DUNK CONTEST жеңімпазы!

18 ақпанда Мәскеудегі «ВТБ-аренада» ВТБ Бірыңғай лигасының Жұлдыздар ойыны өтті. Аталмыш іс-шараға алғаш рет «Астана» баскетбол клубының төрт ойыншысы қатысты. Ройс Хамм мен Маркелл Джонсон Эмил Райкович командасының құрамына енсе, ал Карвел Андерсон мен Джордан Скиппер-Браун үш ұпайлық сайысқа және данк-контестте бақ сынады.

Елорда командасының жаңа ойыншысы Джордан Скиппер-Браун КИНОПОИСК SLAM DUNK CONTEST сайысында 99 ұпай жинап, үздік атанды!

Айта кетейік, бұл «Астана» баскетболшыларының ВТБ Бірыңғай Лигасы Жұлдыздар матчы тарихындағы алғашқы жеңісі.