Барыс маусымның алғашқы матчында Сібірді ойсырата жеңді

«Барыс» ҚХЛ-дағы кезекті маусымын өз айдынында «Сібірмен» өткізген матчпен бастады. Астаналықтардың бапкерлер штабы өтінімге барлық солтүстікамерикалық жаңа ойыншыларды, сондай-ақ бүгін ҚХЛ-да дебют жасаған жас қазақстандық қорғаушы Дамир Бритиковті енгізді.

Матчтың бірінші кезеңі жаңа маусымның ашылуына 10 мыңға жуық жанкүйер жинаған «Барыстың» басымдығымен өтті. Эпизодтардың бірінде Мэйсон Морелли қақпа бағанасын дәл көздеді. Көп ұзамай ұқсас сәтте Всеволод Логвин командасының жаңа маусымдағы голдарының есебін ашты. Бұл ретте шайба сол бағанадан қайта серпіліп, қақпаға кірді. «Сібір» қауіпті сәттерін тек бір рет басым құрамда ойнаған кезде ғана жасады, алайда үзіліске алаң иелері есепте алда шықты.

Екінші кезеңде Ярослав Люзенковтың ойыншылары қарқынды айтарлықтай күшейтті. Алайда қонақтардың шабуылдағы ұмтылысын аймаққа кіре бере қақпаның жоғарғы бұрышын дәл тапқан Дінмұхаммед Қайыржан бәсеңдетті. Ал көп ұзамай Мэйсон Морелли керемет паспен Джастин Бэйлиді қақпашымен «бірге-бір» шығарды, нәтижесінде 8-нөмірлі ойыншы жаңа командасы сапындағы алғашқы голын соқты. Бұдан кейін Семен Симонов айып уақытын тиімді пайдаланып, новосібірліктердің бапкерлер штабын екінші қақпашы Денис Габдрахмановты алаңға шығуға мәжбүр етті. Бірақ оған да қақпасын ұзақ уақыт бойы аман сақтап қалу бұйырмады. Бұрынғы командасының қақпасын Чейз Приски қапы қалдырды, ал Бэйли үзіліске дейін дубль авторы атанды. Бұл ретте алтыншы шайбаның соғылуына Хантер Шепард та нәтижелі қатысты.

Қорытынды кезеңде «Барыс» сапындағы алғашқы шайбасын Гарретт Пилон да соқты – ол қақпаға қайта оралған Михаил Бердинді қапы қалдырды. Даниил Валитов сиренаға бірнеше минут қалғанда соңында 28 сейв жасаған Шепардтың «құрғақ» матчын бұзды. Алайда бұл матчтың нәтижесіне әсер етпеді.

9 қыркүйекте Михаил Кравецтің ойыншылары өз айдынында «Салават Юлаевты» қабылдайды.

«Барыс» – «Сібір» 7:1 (1:0, 5:0, 1:1)

1:0 – 12:47 – Логвин (Симонов, Ляпунов)

2:0 – 24:27 – Қайыржан (Данияр, Приски)

3:0 – 30:30 – Бэйли (Морелли, Данияр)

4:0 – 33:42 – Симонов (Қайыржан, Логвин) АГ

5:0 – 36:39 – Приски (Логвин, Симонов)

6:0 – 38:35 – Бэйли (Пилон, Шепард)

7:0 – 46:33 – Пилон (Морелли, Бэйли)

7:1 – 53:30 – Валитов (Бек, Аланов)

Қақпашылар: Шепард – Бердин (Габдрахманов, 33:42–40:00)

«Барыс Арена». 9 952 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ