«Барыс-2011» 2011 жылы туған жасөспірімдер арасындағы шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионы
«Барыс Арена» мұз айдынында 2011 жылы туған жасөспірімдер арасындағы шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының төртінші туры «мықтылар» тобы аяқталды.
«Барыс-2011» Павел Филипенко мен Юрий Сидоренконың жетекшілігімен өзінің жеңісті сериясын жалғастырып, барлық жеті матчта жеңіске жетті. Бүкіл чемпионат барысында елордалық команда бірде-бір кездесуде ұтылған жоқ және 72 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды. Екінші орынды өскемендік «Торпедо» (53 балл) иеленсе, үздік үштікті «Астана» (49 ұпай) командасы түйіндеді.
«Барыс» командасының үш ойыншысы маусым қорытындысы бойынша жеке сыйлықтарға ие болды. Кәрім Бишімбаев Үздік қақпашы, Мәди Мұрат Үздік қорғаушы атағына ие болса, ал Максим Самойлюк чемпионаттың үздік бомбардирі атанды.