Астанада Қазақстанның спорт қауымдастығының кездесуі өтті

"Қазақстан спортшылар одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен еліміздегі спортты дамытудың басым мәселелері бойынша Қазақстанның спорт қауымдастығының кездесуі өтті. Отырысқа Sport Qory бас директоры Асхат Сейсембек, "Қазақстан спортшылар одағы" РҚБ төрағасы Азамат Қарлығашев, Елдос Чикенов, Нұрғазы Жарылғапов, Серік Сәпиев, Илья Ильин, Сергей Цырюльников және басқа да еңбек сіңірген жаттықтырушылар, атақты спортшылар, спорт функционерлері, қоғам қайраткерлері, федерация өкілдері қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша спорт қауымдастығы қызметінің басым бағыттары бөлінді, негізгі мәселелер талқыланды және оларды шешу жолдары әзірленді.

title