Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында қазақстандық Алуа Балқыбекова қола жүлдеге ие болды. Алуа Балқыбекова үндістандық Ниту Нитуге қарсы өткен жартылай финалдық жекпе-жекте жеңіске жете алмады.

Айта кетейік, қазақстан құрамасынан екі боксшы финалға шықты. 57 келіге дейінгі олимпиадалық салмақта өнер көрсететін Карина Ибрагимова 25 наурыз күні итальяндық Ирма Тестамен кездесетін болады. Ал 26 наурыз күні Ляззат Күнгейбаева (аса ауыр салмақ) финалда марокколық Хадиджа Эль-Мардимен жекпе-жекке шығады.

title