«Астана» Батыс Азия Суперлигасының турнирлік кестесінде көш бастады

4 ақпанда өткен Батыс Азия Суперлигасының тұрақты чемпионаты аясындағы матчта қазақстандық «Астана» сырт алаңда ливандық «Саджесса» командасын овертаймда 104:102 есебімен жеңді.

Кездесудің басты қаһарманы Эрик Дэй болды. Ол матчта 38 ұпай жинап, ойын аяқталуына 2,5 секунд қалғанда шешуші дәл соққы жасап, командасына жеңіс сыйлады.

Осы жеңістен кейін «Астана» маусымдағы қатарынан бесінші жеңісіне қол жеткізіп, 5-1 көрсеткішімен турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Елордалық клуб келесі кездесуін 11 ақпанда Батыс Азия Суперлигасының қазіргі чемпионы – «Аль-Рияд» командасына қарсы өткізеді.