«Астана» баскетбол клубының жаңалықтары

Баскетболдан 23 жасқа дейінгі ерлер арасындағы Қазақстан кубогі өз мәресіне жетті.

«Астана» баскетбол клубының «Астана жастар» командасы 2 қараша – 7 желтоқсан аралығында Павлодар қаласында ұйымдастырылған турнирдың жеңімпаздары атанды.

Елордалықтардан басқа жарысқа тағы 6 команда қатысқан болатын: Aqtobe Фарм (Ақтөбе), Тобыл Юниор (Қостанай), Барсы Атырау Фарм (Атырау), Алатау Фарм (Қонаев), Алматинский Легион М (Алматы), Ertis Фарм (Павлодар).

 

Ал "Астананың" негізгі құрамы ВТБ Бірыңғай Лигасы аясында сырт алаңдағы "Минскке" қарсы ойынды жеңіспен аяқтады. Матч 84-89 есебімен бітті. 

Енді елордалық клубтың жанкүйерлерін алдағы демалыс күндері Ұлттық Лигасы аясында өтетін үй матчтары сериясы күтуде. 9-10 желтоқсан күндері "Астана Академия" алматылық "Irbis"ке қарсы шығады.