Жарыстар аңдатпасы
Елімізде спорттық жарыстар нағыз қызатын шағына жақындап келеді. Алдағы демалыс күндері мереке қарсаңында бірқатар спорттық іс-шаралар өтеді. Назарларыңызға сол жарыстардың аңдатпасын ұсынамыз:
Astana Qazaqstan Team
Ертең, яғни 6 мамыр күні Венгрия мен Италия аумағында өтетін маусымның алғашқы Гранд-туры – "Джирод'Италия" көпкүндігі басталады. 6-29 мамыр аралығында өтетін жарыста ел намысын Astana Qazaqstan Team велокомандасы қорғайтын болады.
«Қайрат» футзал клубы
«Қайрат» ел біріншілігінің плей-офф кезеңіндегі алғашқы кездесуін 6мамыр Ақтөбеде жергілікті «Рахмет» командасына қарсы өткізеді. Ойын 6 мамыр Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-ге жоспарланған.
Семсерлесу федерациясы
6-8 мамыр аралығында Хаммамет қаласында (Тунис) семсерлесуден әйелдер арасында Әлем Кубогы өтеді. Жарысқа 26 елден 180 спортшы қатысады деп күтілуде. Ел намысын Карина Доспай, Анастасия Гулик, Татьяна Приходько және Әйгерім Сарыбай қорғайды.
«Астана» кәсіби баскетбол клубы
Ұлттық баскетбол лигасының плей-офф кезеңі 7-14 мамыр аралығында өтеді. «Астана» 6-7 мамыр күндері «Сарыарқа» велотрек кешенінде «Атырау Барыстарын» қабылдайды. Бұл кездесулерді pbcastana.kz ресми сайтынан онлайн режимде тамашалай аласыздар.
«Астана» футбол клубы
«Астана» 7 мамыр күні сырт алаңда «Ордабасыға» қарсы ойнайды. Срджан Благоевич шәкірттері өткен турдағы «Тұранға» қарсы тең ойыннан кейін, Шымкентте ұш ұпай еншілеуді көздейді. Ойынның басталуы 18:00-де.