Ақтөбеде ММА бойынша халықаралық турнир өтті

Ақтөбеде «Қоныс» спорт сарайында Sport Qory қолдауымен Naiza 48 аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтті.

Турнир аясында Қазақстан, Ұлыбритания, АҚШ, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Бразилия, Әзірбайжан және Өзбекстаннан 24 спортшының қатысуымен 12 жекпе-жек өтті.

Кештің басты жекпе-жегінде Naiza лигасының белбеуі үшін қазақстандық спортшы, қоян-қолтық ұрыстан үш дүркін әлем чемпионы Қазбек Сағын және британдық файтер Джон Шинк кездесті. Жекпе-жек отандасымыздың жеңісімен аяқталды.

Сонымен қатар, 21-23 қараша аралығында Naiza Sport Week қамқорлығымен атақты жаттықтырушылар мен жауынгерлердің шеберлік сыныптары, спорт саласындағы кәсіпкерлерге арналған 5Q форумы, «Batyr Ball» регболдан турнирі және грэпплингтен гран-при өтті, онда еліміздің және әлемнің ең мықты спортшылары жиналды.