Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада Комитеті

project title

ЖОБА

1. «Ханчжоу-2022 IV Азия паралимпиада ойындары, ҚХР»

2. «Жұлдызай-2023» Ұлттық инклюзивті ойындарын ұйымдастыру және өткізу;

ҚОЛДАУ

Спорттық іс-шараларды өткізу, ҚР шегінен тыс жарыстарға қатысу, спорттық құрал-жабдықтарды сатып алу, үздіксіз спорттық процесті ұйымдастыру, басқару аппаратын ұстауға және мамандарға жалақы төлеуге арналған шығындар бөлігінде қолдау көрсетілді. Азия ойындарына 14 спорт түрінен 131 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы 41 медаль жеңіп алды: 8 алтын, 12 күміс және 21 қола.

SportQory қолдауымен мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Жұлдызай – 2023» ұлттық инклюзивті ойындары өтті. Арнайы жарыстарға еліміздің барлық өңірлерінен 10-16 жас аралығындағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар 500-ге жуық бала қатысты. Қатысушылар шағын футболдан, гандболдан, үстел теннисінен, жеңіл атлетикадан,тоғызқұмалақтан, асық атудан жарысты. Жалпы командалық есепте бірінші орынды Алматыдан келген команда иеленсе, екінші орынды Павлодар облысы, ал үшінші орын Ақмола облысының командасы жеңіп алды.

Сайт: paralympic.kz

Instagram: kazparalympics 

Басқа жобалар

card title

Паралимпиадалық спорт түрлері

«Қазақстан пара волейбол федерациясы» РҚБ
card title

Паралимпиадалық спорт түрлері

Қазақстан пара хоккей федерациясы