Қазақстан Республикасының Ұлттық Сурдлимпиада комитеті

Жоба
- Делегацияның Эрзурум қаласында (Түркия) өткен ХХ қысқы Сурдлимпиада ойындарына қатысуы
- Куала-Лампур (Малайзия) қаласындағы Азия-Тынық мұхиты ойындарына арналған іссапар шығындары
Қолдау
Басқару аппаратын ұстауға арналған шығындар бөлігінде қолдау көрсетілді
ХХ қысқы Сурдлимпиада ойындары 2-12 наурыз аралығында Эрзурумда өтті. Sport Qory қолдауымен жарысқа үш пән бойынша Қазақстаннан 26 сурдо спортшы қатысты: шахмат, сноуборд және шаңғы жарысы. XX қысқы Сурдлимпиада ойындарында классикалық шахматтан Қазақстан ерлер құрамасы 10 ұпай жинап, қола медаль жеңіп алды. Құрама сапына Сұлтан Қожахметов, Самажан Кеттебеков, Максим Рожков, Амангелді Наурызғалиев, Мейірман Пернеев және Виктор Максименко енді. Ал жыл соңында Куала-Лумпурда құлағы нашар еститін спортшылар арасында Х Азия-Тынық мұхиты ойындары өтті. Жарысқа 23 елден келген сурдоспортшылар келесі спорт түрлері бойынша өзара бақ сынасты: шахмат, жеңіл атлетика, таэквондо, дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес, үстел теннисі, бадминтон, футбол, боулинг. Қазақстан командасы 66 медаль жеңіп алды: 17 алтын, 25 күміс және 24 қола.
Instagram: @qazaq_deaf_sport_committee
Басқа жобалар
Паралимпиадалық спорт түрлері
Ұлттық паралимпиада комитеті
Паралимпиадалық спорт түрлері
Қазақстандық пара волейбол федерациясы
Паралимпиадалық спорт түрлері