Қазақстан Республикасының Ұлттық Шаңғы Қауымдастығы

project title

Жобалар

  1. Могул және шаңғы акробатикасы бойынша фристайлдан Әлем чемпионаты мен шаңғы акробатикасы және параллельді могул бойынша фристайлдан FIS Әлем Кубогының финалдық кезеңдері
  2. Ерлер арасында шаңғымен трамплиннен секіру бойынша FIS Әлем Кубогының жазғы кезеңдері, Щучинск қ.
  3. Қысқы Олимпиада ойындарына шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы және сноубордтан 2022 Штаттық ұлттық команданы сапалы дайындау үшін
  4. 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына фристайл могул және шаңғы акробатикасы бойынша ұлттық құрама командалардың сапалы дайындықтарын қамтамасыз ету
  5. 2022-қысқы Олимпиада ойындарына сапалы дайындалу үшін шаңғы спорты түрлерінен ҚР Ұлттық құрама командаларын дәрілік заттармен және биологиялық белсенді қоспалармен қамтамасыз ету

Көрсетілген қолдау

Қауымдастыққа іс-шараларды өткізуге жұмсалатын шығындары бойынша қолдау көрсетілді.

Жыл басында "Шымбұлақ" тау-кен курортында Қазақстан тарихында алғаш рет фристайл могул және шаңғы акробатикасы бойынша Әлем Чемпионаты өткізілді. Юлия Галышева 2-ші орын, Павел Колмаков пен Анастасия Городко қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, Қауымдастық фристайл могул және шаңғы акробатикасы бойынша Әлем кубогының кезеңдерін өткізді. Ал қыркүйек айында елімізде алғаш рет шаңғымен трамплиннен секіру бойынша FIS Гран-при Әлем Кубогының жазғы кезеңдері өтті.

Қауымдастыққа спорттық киім-кешек, спорттық құрал-жабдықтар сатып алу, сондай-ақ спорттық құрамға медициналық қызмет көрсету, дәрі-дәрмектермен және  медицина тауарларымен қамтамасыз ету бойынша қолдау көрсетілді.

Өткен жылы спортшылар Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарына белсенді дайындала бастады. Ұлттық құраманың қоржынында 8 спорт түрінен 82 лицензия бар.

title

Басқа жобалар

card title

Олимпиадалық спорт түрлері

Қазақстан триатлон федерациясы
card title

Олимпиадалық спорт түрлері

Су спорты федерациясы