Ауыр атлетика федерациясы

Жоба
1.Ауыр атлет Е.Е. Сейтқазыны медициналық тексеру және оңалту
2.Ауыр атлетика федерациясының жарғылық қызметін қамтамасыз ету
3.2025 жылы ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының спорт ұжымына төлемдерді қамтамасыз ету
Қолдау
Спорттық іс-шараларды ұйымдастыру, жарыстарға қатысу, спорт ұжымына төлемдер мен өзге де сыйақылар, спорт ұжымына медициналық қызмет көрсету, спорттық құрал-жабдықтар сатып алу, үздіксіз спорттық процесті ұйымдастыру, басқару аппаратын ұстау және PR мен маркетингке арналған шығындар бөлігінде қолдау көрсетілді.
2025 жылы Қазақстан Республикасының ауыр атлетикадан ұлттық құрамасы халықаралық аренада табысты өнер көрсетті. Перуде өткен жасөспірімдер және қыздар арасындағы ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар 14 медаль (6 алтын, 3 күміс, 5 қола) жеңіп алды. Ал Қытайда өткен Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында отандық спортшылар ел қоржынына 1 күміс және 1 қола жүлде салды.
Қор қолдауымен Астана қаласында жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты ұйымдастырылды. Ел намысын 36 спортшы қорғап, 17-20 жас аралығындағы атлеттер жұлқа көтеру мен серпе көтеру жаттығулары бойынша сынға түсті. Қазақстандық зілтеміршілер 3 әлемдік және 7 Азия рекордын жаңартты. Нәтижесінде ұлттық құрама 50 медаль (21 алтын, 12 күміс, 17 қола) жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді. Манамада өткен III Жасөспірімдер Азия ойындарында қазақстандық атлеттер 3 алтын, 4 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды. Алихан Әскербай мен Нұржан Жұмабай жарыс барысында рекорд орнатты. Сонымен қатар, Ислам ынтымақтастығы ойындарында қазақстандық ауыр атлеттер 3 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль иеленді.
Сайт wfrk.kz
Instagram @wf_rk
Басқа жобалар
Олимпиадалық спорт түрлері
Қазақстандық қазіргі бессайыс Федерациясы
Олимпиадалық спорт түрлері
Қазақстан бокс федерациясы
Олимпиадалық спорт түрлері



