Дзюдо федерациясы

project title

Жоба

1. 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу үшін Халықаралық Дзюдо федерациясының (IJF) лицензиясы үшін жарна және шетелдік жаттықтырушыларға төлем

2. 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу үшін Халықаралық Дзюдо федерациясының (IJF) лицензиясы үшін жарнаның екінші траншы

3. 2025 жылы дзюдодан Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының спорт ұжымына төлемдерді қамтамасыз ету

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық дзюдо кеңесін құру және дайындау, дзюдодан спорттық іс-шараларды өткізу, 2025 жылға арналған әкімшілік аппаратты ұстау және 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын өткізуге Халықаралық дзюдо федерациясынан (IJF) лицензия алу үшін алым

Қолдау

Спорт ұжымына төлемдер және өзге де сыйақылар, басқару аппаратын ұстауға және үздіксіз спорттық процесті ұйымдастыруға арналған шығындар бөлігінде қолдау көрсетілді.

2025 жылы дзюдодан Қазақстан ересектер құрамасы 2025 жылы 15 әлемдік додаға қатысып, барлығы 62 жүлдемен жылды аяқтады. Отандық дзюдошылар 10 алтын, 17 күміс және 35 қола медель еншіледі. Ал Қазақстан жастар құрамасы 7 жарысқа қатысып, 69 медальға қол жеткізді: алтын – 10, күміс – 22, қола – 37. Сонымен қатар, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 8 халықаралық жарысқа қатысып, барлығы 114 медаль жеңіп алды: 28 – алтын, 28 -  күміс, 58 – қола жүлде. 

Жылдың басты оқиғасы – әлем чемпионатындағы тарихи жетістік болды. Әбиба Әбужақынова финалға шығып, күміс медаль иеленді. Осылайша, ол әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы қазақстандық әйел дзюдошы атанды. Бұған дейін Қазақстанның әйелдер құрамасынан бірде-бір спортшы әлем біріншілігінің финалына жолдама ала алмаған еді. Айта кетейік, Әбиба Абужақынова жыл қорытындысы бойынша Халықаралық дзюдо федерациясының әлемдік рейтингінде көш бастап, өз салмақ дәрежесінде ең үздік дзюдошы ретінде бірінші орынға жайғасты. 

Сондай-ақ, Қор қолдауымен Астана қаласында әлемдегі ең беделді турнирлердің бірі - Grand Slam сериясының кезеңі өтті. Аталған жарысқа 47 елден 412 спортшы қатысып, жоғары деңгейдегі бәсекелестік орнады. 

Сайт: fdk.kz

Instagram: @kaz_judoteam

YouTube: @KazJudoTeam

title

Басқа жобалар

card title

Олимпиадалық спорт түрлері

Қарағанды облыстық бокс федерациясы
card title

Олимпиадалық спорт түрлері

Қазақстан велоспорт федерациясы