Қазақстандық бокс федерациясы

Жоба
1. 2025 жылға арналған U22 бокстан Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының жаттықтырушыларына жалақы төлеу және спорттық мүкәммалмен, жабдықпен қамтамасыз ету. Негізгі құралдарды сатып алу
2. Бокстан халықаралық турнирлер мен жарыстарға қатысу, спортшыларды медициналық қамтамасыз ету, 2025 жылға арналған басқару аппаратын спорттық құрал-жабдықтармен, жабдықтармен қамтамасыз ету және ұстау
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының жаттықтырушыларына, Бокстан спорт төрешілеріне, сондай-ақ оқу-жаттығу жиындарына және бокстан 2025 жылға арналған халықаралық турнирлерге еңбекақы төлеу
4. Бокстан Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының спортшыларына, жаттықтырушыларына 2025 жылға арналған ақшалай қаражат төлемдері
Қолдау
Спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға, спорт ұжымына төлемдер мен өзге де сыйақылар, оқу-жаттығу жиындарына қатысу, спорттық ұжымды медициналық қамтамасыз ету, құрал-жабдықты сатып алу, басқару аппаратын ұстауға және үздіксіз спорттық процессті қамтамасыз етуге арналған шығындар бөлігінде қолдау көрсетілді.
2025 жылы World Boxing ұйымы өткізген ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Әлемдік додаға 68 елден 540 боксшы қатысып, қазақстандық спортшылар 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.
Sport Qory қолдауымен 30 маусым - 6 шілде аралығында Астана қаласында World Boxing аясындағы Әлем кубогының кезеңі өтті. Жарысқа 30 елден 300-ден астам боксшы қатысып, 10 салмақ дәрежесінде бақ сынады. Қазақстан құрамасы 8 алтын, 4 күміс және 4 қола жүлде иеленді.
Сонымен қатар, жүлде қоры 150 000 АҚШ долларын құрайтын Федерация кубогы қайта жаңғыртылып, өңірлерде боксты дамытуға бағытталды. Бұдан бөлек, қазақстандық мамандар халықаралық комиссиялар құрамына енгізілді.
Сайт: kfb.kz
Instagram: @boxingkazakhstan
Tiktok @boxing_kazakhstan_
Telegram @boxing_kazakhstan
Youtube: Kazakhstan Boxing Federation
Басқа жобалар
Олимпиадалық спорт түрлері
Қазақстан таэквондо федерациясы
Олимпиадалық спорт түрлері
Садақ ату, арбалет және дартс Федерациясы
Олимпиадалық спорт түрлері



