Қазақстан бочча федерациясы

project title

Жоба

Қазақстан Республикасында бочча паралимпиадалық спорт түрін дамыту

Қолдау

Спорттық іс-шараларды өткізу, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысу, спорттық құрал-жабдықтар мен жабдықтар сатып алу, үздіксіз спорттық процесті ұйымдастыру, спорт персоналына төлемдер, басқару аппаратын ұстауға арналған шығыстар, сондай-ақ PR және маркетингке арналған шығыстар бөлігінде.

2025 жылғы 20-28 тамыз аралығында Қазақстан астанасы алғаш рет беделді халықаралық бочча челленджерін – Astana 2025 World Boccia Challenger қабылдады. 12 елден келген 56 параспортшы өзара мықтыны анықтады. Финалдық ойындар қорытындысы бойынша жеке есепте Қазақстан үшінші орын иеленді. Итиана Чингисханова және Балжан Бөлекпаева алтын медаль жеңіп алса, Ерхат Алмат пен Азамат Аязбаев күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Эльмира Мусралиева қола медальға қол жеткізді. Сонымен қатар, жұптық жарыстарда ВС4 санатында Эльмира Мусралиева мен Азамат Аязбаев бірінші орынды иеленді.   Сондай-ақ, ел құрамасы Бахрейнде өткен Manama 2025 World Boccia Challenger турнирінде де сәтті өнер көрсетті: Куаныш Асқарбеков алтын медаль жеңіп алса, Анастасия Кутурман қола медальге ие болды. Сонымен қатар, ұлттық құрама алғаш рет Сеулде өткен Boccia World Cup Seoul Әлем Кубогында бақ сынады.

Сайт: bocciakazakhstan.kz

Instagram @boccia_kazakhstan

 

Басқа жобалар

card title

Паралимпиадалық спорт түрлері

Қазақстандық арнайы олимпиада
card title

Паралимпиадалық спорт түрлері

Қазақстан пара хоккей федерациясы