Қазақстан Бочча Федерациясы

project title

Жоба

Қазақстан Республикасында бочча паралимпиадалық спорт түрін дамыту

Қолдау

Спорттық іс-шараларды өткізу, спорттық құрал-жабдықты сатып алу, ҚР шегінде және ҚР шегінен тыс жерде оқу-жаттығу жиындарына қатысу, спортшылардың, жаттықтырушылар мен мамандардың еңбегіне ақы төлеу, үздіксіз спорттық процесті ұйымдастыру, басқару аппаратын ұстауға арналған және PR мен маркетингке арналған шығындар бөлігінде қолдау көрсетілді.

27-31 мамыр аралығында Астанада боччадан Қазақстан Республикасының III чемпионаты өтті, оған еліміздің 12 өңірінен 89 спортшы қатысты. Қатысушылар жеке, жұптық және командалық жарыстарда өз шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар, 2024 жылы Халықаралық бочча спорт федерациясының (BISFed) мамандарының қатысуымен жаттықтырушыларға арналған семинар ұйымдастырылды. Екі күннің ішінде Қазақстанның 12 өңірінен 20 жаттықтырушы өз білімдерін арттырып, bisfed сертификаттарын алды. Ал жыл соңында боччадан ҚР Кубогы өтті. Турнирлер мен іс-шаралар Sport Qory қолдауымен өткізілді. Сондай-ақ, қазақстандық пара спортшылар World Boccia Challenger-ге қатысып, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

Сайт: bocciakazakhstan.kz

Instagram @boccia_kazakhstan 

 

title

Басқа жобалар

card title

Паралимпиадалық спорт түрлері

Қазақстан пара хоккей федерациясы
card title

Паралимпиадалық спорт түрлері

Қазақстан бочча федерациясы