Паралимпиадалық Дзюдо Федерациясы

project title

Жоба

Париж 2024 XVІІ Жазғы Паралимпиада ойындарына дайындық және сәтті өнер көрсету

Қолдау 

ҚР шегінде және ҚР шегінен тыс оқу-жаттығу жиындарына қатысуға, басқару аппаратын ұстауға арналған шығындар, спортшыларға, жаттықтырушылар мен мамандарға жалақы төлеу бөлігінде қолдау корсетілді.

2024 жыл Қазақстанның Пара дзюдо құрамасы үшін айрықша табысты әрі тарихи оқиғаларға толы жыл болды. Бұл жылы Парижде өткен Паралимпиада ойындарында ұлттық құрама сенсациялық нәтижелерге қол жеткізді. Ел тарихында тұңғыш рет пара дзюдодан Ақмарал Науатбек Паралимпиада чемпионы атанып, алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, Ерғали Шамей күміс медаль иегері атанса, Даяна Федосова, Жұрқамырза Шүкірбеков және Зарина Райфова қола медальдарды қанжығаларына байлап, команданың тарихи жетістіктерін еселей түсті.

Жылдың тағы бір маңызды оқиғасы – Астана қаласында өткен халықаралық Гран-при турнирі болды. Бұл жарысқа 15 елден үздік спортшылар қатысып, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 6 алтын, 4 күміс және 5 қола медальмен жеңімпаз атанды.

Сайт: kazparajudo.kz

Instagram: @kaz_para_judo

title

Басқа жобалар

card title

Паралимпиадалық спорт түрлері

Ұлттық паралимпиада комитеті
card title

Паралимпиадалық спорт түрлері

Қазақстан Бочча Федерациясы