"Qazaqstan Barysy" қазақ күресін қолдау және дамыту қоры

Жоба
Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі
Қолдау
Спорттық іс-шараларды өткізуге арналған шығындар бөлігінде қолдау көрсетілді
Астана қаласында 2024 жылы 26 қазан күні Sport Qory қолдауымен қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» XIII Республикалық турнирі өтті. Турнирде облыстық жарыстарда іріктеуден өткен, республикалық маңызы бар 17 облыс пен 3 қаланың атынан сынға түскен балуандар бақ сынады. Сондай-ақ, жарысқа былтырғы «Қазақстан Барысы» мен «Әскер Барысы» жеңімпаздары да қатысты. Барлығы 42 балуан чемпиондық атақ үшін күресті. Турнирдің бас жүлдесі, алтын белбеу мен тайтұяқты Абай облысының өкілі Ерасыл Қажыбаев жеңіп алды. Екінші орын және күміс белбеу шымкенттік Ерсұлтан Мұзаппаровқа бұйырса, үшінші орынды және қола белдікті Абай облысынан Саят Шамшиев иеленді.
Instagram @qazaqstan_barysy
Басқа жобалар
Ұлттық спорт түрлері
Көкпар федерациясы
Ұлттық спорт түрлері
"Qazaqstan Barysy" қазақ күресін қолдау және дамыту қоры
Ұлттық спорт түрлері