Qazaq Kuresi

Жоба
- Қазақ күресі ұлттық спорт түрін дамыту
- Қазақ күресінен әлем чемпионатын өткізу, Қазақстан құрамасы мен қызметкерлерін ұстау
Қолдау
Спорттық іс-шараларды өткізуге, оқу-жаттығу жиындарына қатысуға (ОЖЖ), іс-шараларды өткізуге (кубоктар, турнирлер, чемпионаттар және т.б.), басқару аппаратын ұстауға және PR мен маркетингке арналған шығындар бөлігінде қолдау көрсетілді.
2024 жыл қазақ күресінен ҚР ұлттық құрамасы үшін табысты әрі тарихи оқиғаларға толы жыл болды. Бұл жылы Астана қаласында өткен 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында қазақ күресі жарысының бірінші күні балуандар 9 алтын медальға ие болды. Ал жалпы нәтиже – 12 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль. Бұл нәтиже ұлттық құраманың жалпыкомандалық бірінші орынға көтерілуіне мүмкіндік берді. Айта кетейік, қазақ күресінің жарысында 30-дан астам елден келген 350-ден астам балуан кіл мықтыны анықтады.
Қарағанды қаласында өткен «Сарыарқа батырлары» Азия кубогінде ұлттық құраманың үздік балуандары 5 алтын, 8 күміс және 16 қола медаль еншіледі. Ал Түркістан қаласында өткен Қ.Мұңайтпасов атындағы Әлем кубогінде білекті балуандар 7 алтын, 5 күміс және 10 қола медальді қанжығаларына байлады. Қазақ күресі өкілдерінің бұл екі бәсекелі жарыста да жалпыкомандалық бірінші орыннан көрінді. 2025 жылы Қауымдастық Үндістанда қазақ күресінен әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отыр.
Сайт: qazaqkuresi.kz
Instagram: @qazaqkuresi.kz
Басқа жобалар
Ұлттық спорт түрлері
Qazaq Kuresi қауымдастығы
Ұлттық спорт түрлері
«Қыран» Федерациясы
Ұлттық спорт түрлері