Су спорты федерациясы

project title

Жоба

1. Су спорты бойынша Ұлттық құрама командалары мен резервтерді Әлем және Азия чемпионаттарында сәтті өнер көрсетуге дайындау

2. Әлем чемпионатында, Азия Чемпионатында және жасөспірімдер Азия ойындарында сәтті өнер көрсету үшін су спорты түрлері бойынша ұлттық құрама команданы және резервті дайындау

3.  2025 жылы су спорты түрлері бойынша ҚР ҰҚК спорт ұжымына төлемдерді қамтамасыз ету

Қолдау

Спорттық іс-шараларды өткізуге, ҚР шегінде және одан тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындарына қатысуға, ҚР шегінен тыс жарыстарға қатысуға, жаттықтырушылар мен мамандардың еңбегіне ақы төлеуге, спорттық құрал-жабдықтар мен жабдықтар сатып алуға, медициналық тексеруге, басқару аппаратын ұстауға және үздіксіз спорттық процесті ұйымдастыруға арналған шығындар бөлігінде қолдау көрсетілді

 

2025 жыл Қазақстанның әлемдік аренадағы белсенді қатысуымен ерекшеленді. Ахмедабад қаласында өткен Азия чемпионатында тарихи жетістік тіркеліп, қазақстандық жүзушілер алғаш рет 10 медаль жеңіп алды. Ал артистік жүзу шеберлері біріншілік кубогын иеленсе, су добынан ерлер және әйелдер құрамалары ең мықты үштіктің қатарына енді. Сондай-ақ Әлем Кубогы кезеңдерінде де отандық спортшылар жоғары деңгейін көрсетіп, жүлде тұғырынан тұрақты көрінді. Ислам ынтымақтастығы ойындары барысында жүзуден Қазақстан құрамасы екінші орын алып, жалпы 11 медаль жеңіп алды. Ал Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары аясында отандық спортшылар жүлденің толық жиынтығын иеленіп, 100 метрге шалқалай жүзуде рекорд жаңартты. Жылдың басты қорытынды оқиғасы Қазақстан астанасында 2026 жылы өтетін жүзуден «Silk Road 2026» Әлем Кубогының финалдық кезеңі турнирін өткізу туралы World Aquatics ұйымымен келісімге қол қойылуы болды.

Сайт: aquatics.kz

Instagram @aquatics.kz

Басқа жобалар

card title

Олимпиадалық спорт түрлері

Денис Тен Қоры
card title

Олимпиадалық спорт түрлері

ДЕНИС ТЕН ҚОРЫ